ҚР Ақтөбе және басқа облыстары бойынша автокөлікпен жанармайды жеткізу үшін 33 бірлік мөлшерінде бензин тасымалдаушылардың паркі қолданылады (бір жолғы жүктелудің жалпы көлемі – 646 629 л).
Темір жол бойынша мұнай өнімдерін тасымалдау үшін 15 бірлік мөлшерінде теміржол цистернасының меншіктегі паркі қолданылады.
Қарамағында 2014 жылдың сәуірінде пайдалануға енгізілген ЖЖМ заманауи қоймасы бар. Қойма өнімді қабылдау, сақтау және шығару бойынша қазіргі жабдықтармен жабдықталған. Сақталуы кезінде де, сондай-ақ шығару кезінде де автоматтандырылған есебі жүргізіледі (салмақ өлшегіштері орнатылған). Өнімнің сапасын тексеретін зертханасы бар.
Таза мұнай өнімдерін сақтауға арналған жалпы көлемі 15 000 м3 мұнай базасы.
23 000 м3 дейін сұйыққойма паркін үлкейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.