Қауіпсіздік, еңбекті қорғау
- НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ «Батыс Жер» ЖШС (әрі қарай «Компания») – таза мұнай өнімдерін таратумен айналасатын Қазақстандық ірі кәсіпорын. Компания өзінің қызметін атқаратын орнындағы территориясының экологиялық және экономикалық мүдделерінің балансы есебімен өндірістік қызметін жүзеге асыруға ұмтылады. Компания қоршаған ортаны қорғау саласында өздерінің көрсеткіштерін көтеру үшін тапжылмай жоғары ұмтылады. Қоршаған ортаны қорғау туралы сақтауы Компанияның корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады және оның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Болуы мүмкін жағымсыз әсер етулерді алдын-алу үшін «Батыс Жер» ЖШС міндеттемелерді өз мойнына алады және қоршаған ортаны қорғауды қамсыздандыру, табиғат ресурстарын сақтау және қайта қалпына келтіру бойынша, оған қоса әрдайым өнімдерді, Компанияның қызметкерлері және серіктестері үшін жұмыстың процесстері мен шарттарын жетілдіре отыра барлық қажетті шараларды жасайды. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ Компанияның міндеті – қоршаған ортаға өндірістік операциялардың әсер етумен, оны бүгінгі және болашақ ұрпақтардың игілігіне сақтауды қамсыздандыратын тиімді басқару. Компанияның мақсаты – мұнай өнімдерін таратумен айналасатын кәсіпорындар арасында экологиялық қауіпсіздіктің саласындағы көшбасшылыққа жету. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ. Компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі келесі қағидаларға негізделген:
- Заңнаманың талаптарын және халықаралық құқықтардың нормаларын қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы Компанияның қызметіне қолданылатын басқа да талаптарды сақтау;
- Жағымды қоршаған ортаны және биологиялық алуан түрлілікті сақтау;
- Табиғат ресурстарын қолдану кезінде Компания және Қоғам мүдделерінің балансы;
- Экологиялық қауіптерге төзімсіздік;
- Экологиялық технологияларды енгізу кезіндегі инновация;
- Қауіпті жағдайлардың салдарын тарату және жоюға бағытталған шараларға ескерту шаралардың басымдылығы;
- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Компания есептемесінің ашықтығы және нақтылығы;
- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттар мен тапсырмаларға жету кезіндегі ауыспалылығы және жүйелелігі.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Аталған қағидаларын жүзеге асыру және алға қойған мақсаттарына жету үшін Компания келесі тапсырмаларды басым екендігін анықтайды:
-
- Компанияның шаруашылық қызметінен жүзеге асыруынан болатын қоршаған ортаға жағымсыз әсер етудің деңгейін төмендету;
- Компанияның шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезіндегі табиғи ресурстарын тиімді қолдану, оларды қорғау, қайта қалпына келтіру, бұзылған территорияны оңалту бойынша шаралар қолдану;
- Эко-жүйелер және био-алуан түрлілікті сақтау бойынша шараларды қамсыздандыру;
- Компанияның қызметінің тиімділігін өңдеу, инновациялық технологияларды жүйелік енгізу, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін үздік әлемдік тәжірибе адамдарын қолдану арқылы арттыру;
- Қауіп-бағдарланған тәсілдеме есебімен Компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару жүйелердің қызмет жасау және дамытуын қамсыздандыру;
- Экологиялық білім беру және мәдениеттің деңгейін жүйелі арттыру және ақпараттандыру арқылы Компания қызметкерлерінің біліктілігін қамтамасыз ету;
- Қоршаған ортаны қорғау сауалдарындағы мердігерлік ұйымдары және Компанияның қызметкерлерінің жауапкершіліктерін арттыру;
- Апаттық жағдайлардың шығуы, оған қоса мұнай өнімдерін құю аймағында жануарлар әлемінің нысандарын қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жағдайда қоршаған орта үшін тез және тиімді әрекет ету және жағымсыз салдарды азайту;
- Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды дамытуға бағытталған мемлекеттік органдармен, серіктестермен және басқа да қызығушылық танытқан тараптармен серіктес болу;
- Осы Саясатта енгізілген қағидаларды сақтауды қамсыздандыру және жеткен нәтижелерді анықтау үшін өткізілетін жұмыстардың тиісті саралау және бағалауын жүзеге асыру.